17 сәуір күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы №12 жалпы білім беретін мектептің оқушылары үшін Дүниежүзілік гемофилия күніне орай «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» атты денсаулық сағатын өткізді. Оқушыларға гемофилияның түрлері, белгілері, аурудың берілу жолдары, емі, алдын-алу бойынша ақпарат берілді.
Гемофилия – бұл қанның ұю қабілетінің бұзылуымен сипатталатын тұқым қуалайтын ауру. Бұл жағдайда адамның қанында ұюға қажетті арнайы ақуыздар (факторлар) жетіспейді немесе мүлде болмайды, сондықтан қан тоқтамай ұзаққа созылады.