Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Айым» жиһаз дүкеніне арнайы барып, «Жұмысшы болашағы: арманнан кәсіпке» атты тақырыпта бейнеүзінді түсірді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды» деген еді.
Әрине, әр саланың өз қиындығы мен қызығы болады. Кәсібінің шебері болу — әрбір жанның мамандығына деген жауапкершілігінен бастау алары сөзсіз.
Бүгінгі таңда, өз кәсібін дөңгелетіп, кәсібінен нәсіп тауып жүрген «Айым» жиһаз дүкенің иесі — Бірлесхан Амангелді. Өз саласының майталман маманы, халықпен жұмыс істеуді толық меңгерген білікті азамат екені көрініп тұр. Қарамағындағы қызметкерлеріне сыйлы, құрметті. Жұмыстың жасалуын жақсы біледі. Қарымды қабілетті. Осы орайда, «Айым» жиһаз дүкеніне сәттілік тілейміз. Алдағы уақытты саудалары табысты болсын дейміз!