Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын!

М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2024 жылдың 29 қарашасы күні тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу мақсатында «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын!» атты тәрбие сағаты өтті. Оқушыларға отбасында орын алған зорлық жағдайда өзін қалай ұстауды, өз құқықтарын білу туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, отбасындағы сыйластық, ата-анаға көмектесу, бір-бірін қолдау туралы өз пікірлерімен бөлісті. Үлкендер өзінен кішілерге жәрдем болу керек екендігі сөз болды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *