2022 жылдың 16-шы қыркүйегінде М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Геральдикалық зерттеулер орталығы және Ақмола облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай «Рәміздер – ел беделі!» атты Елтаңба авторы, профессор Жандарбек Мәлібекұлымен Көкше жастарының кездесуі өтті.
Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілерді насихаттау және оларды қолданудың нормативтік-құқықтық жүйесін түсіндіру мен өңір жастары мен ғалымдарын, қаламгер қауымын қазақ геральдикасының арғы-бергі тарихына назар аударту, жергілікті басқару органдары қызметкерлерімен мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі мен өңір тұрғындарының құрметін қалыптастыру мақсатында өткен бұл іс-шараға Елтаңба авторы, профессор Жандарбек Мәлібекұлы, Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры Асылбек Байжұма, облыс әкімдігінің қызметкерлері, журналист, жазушы-аудармашы, қоғам және мәдениет қайраткері, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Ғосман Төлеғұл, Қазақстан Жазушылар Одағының Ақмола Облыстық филиалының директоры, Халықаралық Қазақ тіл қоғамы Ақмола Облыстық филиалы төрағасының орынбасары Мерген Тоқсанбай және Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі және «Арна» колледжінің студенттері қатысты.
Тұғырлы туымыздың биікте желбіреп, тіліміздің төрде салтанат құруы туралы тұшымды әңгіме қозғалған іс-шара жастарымыздың рухын көтеріп, Ана тіліне деген, Отанына деген, Рәміздерге деген құрметін артты.