Татар халқының қаһарманы

2022 жылдың 25 тамызында облыстық өлкетану мұражайында Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми  кітапханасы әйгілі  татар  ақыны, Кеңес Одағының Батыры, Лениндік сыйлықтың лауреаты Мұса Жәлелдің 116 жылдығына арналған «Татар халқының қаһарманы» атты кітап көрмесін дайындады. Көрмеге ақынның кітаптары мен ол туралы әдебиеттер қойылды. Облыстық өлкетану мұражайы ұлттық киім-кешек пен тұрмыс-тіршіліктің экспонаттарын ұсынды. Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК дайындаған Мұса Жәлелдің өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик ақпараттық негіз болды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *