Халықаралық Франкофония күніне арналған бейнеролик

2021 жылдың 15 наурызында шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі Халықаралық Франкофония күніне (20.03.1970) және В. Гюгоның “Notre-Dame de Paris” романының 190 жылдығына (16.03.1831) арналған «Франция –әсем әуен елі»- «Французский вояж»- «Journée Internationale de la francophonie» виртуалды саяхатын ұсынады.

Франкофония – 5 құрлықтағы 80 мемлекеттің, 300 миллионнан астам француз тілді адамдардың басын біріктіретін гео-мәдени кеңістік.

Жыл сайын әлем бойынша Халықаралық франкофония күні 20 наурыз күні тойланады. Бүкіл әлем бойынша Халықаралық Франкофония күнінде әлемнің 70-тен астам елі мен жүздеген қалаларының қатысуымен көптеген іс-шаралар өткізіледі. Француз тілі әлемде бесінші орында және ағылшын тілімен қатар барлық құрлықтарда қолданылады. Жыл сайын 20 наурызда Парижде ғылыми конференциялар мен семинарлар ұйымдастырылады, оған көптеген француз тілді елдердің тұрғындары шақырылады.

 Сондай-ақ, іс-шара француз тілі күніне арналған концерттермен жалғасады. Мереке бірнеше күнге созылады. Халықаралық франкофония күні – бұл француз тілінде сөйлейтіндер үшін ғана емес, француз тілін жақсы көретін және француз мәдениетке қызығушылық танытқандар үшін мереке. Вольтер, Дени Дидро, Виктор Гюго, Александр Дюма, Оноре де Бальзак, Франсуа Рабле осы тілде сөйледі және шығармаларын жазған.

Халықаралық франкофония күнінің мақсаты – француз тілінің таралуына ықпал ету, француз мәдениетін, сондай-ақ француз тілді елдердің мәдениетін насихаттау.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *