Казақ әдебиетінің ұлы қаламгерінің бірі, жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына биыл 110 жыл толып отыр.
Есенберлиннің қаламынан туған ұлы мұрасы – оның тарихи романдары. Қазақ халқының тарихын бейнелейтін «Көшпенділер» трилогиясы қазақ әдебиетінің көрнекті туындысының бірі. Миллиондаған таралыммен жарыққа шыққан шығарма әлемнің сан-алуан тіліне де аударылып басылды.
Шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі жазушының 110 жылдығына арналған «Ілияс Есенберлиннің шығармасы «Көшпенділер». Произведение Ильяса Есенберлина «Кочевники». Ilyas Esenberlin and his trilogy «The Nomads» бейнероликті дайындады.