Қазақстан-достық мекені

Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдерін бір тудың астына жинаған ұлан байтақ, тату- тәтті өмір сүріп жатқан ел. Сондықтан да біздің республикамызда Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мерекесі елімізде кеңінен тойланады. Осы мерейлі мерекеге арнап М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК-сы екі тілде «Қазақстан – достық мекені» атты ақпараттық көрме қойылды. Бізде тұратын ұлт өкілдерінің тарихы мен дәстүрі, әдет-ғұрыптары мен ортақ мерекелері жайлы ақпарат беретін кітаптар мен мерзімді басылымдар бетіне жарияланған қызықты мағлұматтар қойылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *