Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 ақпанда Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Ақпараттық-библиографиялық бөлімінің қызметкерлері Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бір шаңырақ астында» атты ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты: жас ұрпаққа республикадағы этносаралық келісімнің қаншалықты маңызды екенін жеткізу.
Іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ-нен Антипова Вероника Андреевна – «Ақмола облысының Орыс қауымы» ҚБ жастар қанаты басшысының орынбасары және Хаврушина Людмила Степановна – «Видергебурт» Ақмола облыстық немістер қоғамы» ҚБ мүшесі қатысты.
Іс-шарадаға бір шаңырақ астындағы көп ұлтты мемлекетіміздің татулығы, толеранттылығы, адами қасиеттері мен достығы туралы баяндалды. Қазақ гуманитарлық техникалық колледжінің студенттеріне іс-шарамызға қатысқан қонақтарымыз Қазақстанға келу тарихы мен өздерінің орталықтары жайлы айтты. Әр орталық қандай қызмет атқарытындығы және қоғамдағы ұлтаралық өзара түсіністіктің қаншалықты маңызды екендігі туралы әңгімелерімен бөлісті. Ол орталықтарға тегін қатысып әртүрлі үйірмелерге, еріктілер қатарында мұқтаж жандарға көмектесуге болатындығы туралы сөз етті. Іс-шарада қанатты сөздерден құралған слайдпен сүемелденді. Іс-шара өз мақсатына жетті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *