2022 жылдың 5 қыркүйек күні М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тілі бардың – үні бар» атты онкүндіксалтанатты түрде ашылып, өткізілді.
2018 жылдан бері Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орай жыл сайын дәстүрлі өтетін бұл іс-шара биылғы жылы Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына тұспа-тұс келгенімен де ерекше.
Аталмыш іс-шараның ашылуына Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.
Болашағымызды баянды ететін басты қаруымыз – тіліміз екені белгілі, кез келген мемлекеттің, елдің рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Іс-шара Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігін, шешендік пен тапқырлықты, қазақ тарихындағы салт-дәстүрлердегі орасан бай тіл шұрайын жастарға таныту, үлгі ету мақсатында өткізілді. Жалаң ұрандардан гөрі халық мәдениетін тіл арқылы насихаттап, ана тілінің өміршеңдігін, адам тіршілігіндегі рөлін жеткізу көзделді.
Аталмыш іс-шара ақпараттық сабақ түрінде тартымды өтті.