Менің туған өлкем циклі. 19 сериясы

Аршалы ауданы туралы «Ақмола облысы ауылдарының энциклопедиясы» жобасы туралы бейнеролик ауданның құрылу тарихын көрсетеді. Мұнда облыстың негізгі көрнекті орындары көрсетілген. Электрондық басылым бірнеше бөлімдерден тұрады: аудан картасы, ауданның табиғи ресурстары, көрнекті адамдар және тағы басқалар.

Менің туған өлкем циклі. 18 сериясы

 Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері, аудармашы Ғосман Төлеғұлұлының мерейтойына арналған «Көп қанатты-Төлеғұл Ғосман Төлеғұлұлы» атты электронды басылымымен таныстыру. Басылымда аудармашының өмірі мен  ҚР тәуелсіздігінің құрылу кезеңіндегі қызметі туралы баяндалады.

Менің туған өлкем циклі. 17 сериясы

Бейнебаянда 3D нұсқада қазақ халқының ұлы композиторы, ақын, әнші Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы туралы библиографиялық көрсеткіш ұсынылды. Көрсеткіште ақынның өмірі мен әдебиеттер тізімі берілген. Жалпы кітапханашылар мен студенттер, педагогтарға арналады.

Менің туған өлкем циклі 12 сериясы

Бейнебаян белгілі қазақ жазушысы, тарихшы романист Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ілияс Есенберлин жайында. Библиографиялық көрсеткіш М. Жұмабаев атындағы облыстық кітапхананың қорымен таныстыру үшін ұсынылған. Мұнда  3Д нұсқада өмірбаяны, библиографиялық тізім берілген. Көрсеткіш  ПДФ форматында оқу үшін  оқырмандарға ыңғайлы. PDF Read More …

Менің туған өлкем циклі 11 сериясы

Ақмола облысының ауылдар энциклопедиясы жобасы аясында Атбасар ауданы туралы бейне баян ұсынылды. Электронды басылымға бірнеше айдарлар  енгізілді, атап айтқанда географиялық қарта, әкімшілік – территориялдық бөлімше, халқы, ауылдар жайлы сондай-ақ табиғаты жайлы ауданның белгілі тұлғалары, ФАП, мәдениет үйлері, мектептер және Атбасар Read More …