Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен №12 жалпы білім беретін мектепте Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына арналған «Үркерге қарап өскен ұл» атты такырыптық кеш өтті. Іс-шарада Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы деректер айтылды. Оқушыларға жазушының «Үркер», «Шыңырау» шығармалары таныстырылып, қысқаша мазмұны түсіндірілді.
Оның қазақ әдебиетіндегі орны мен қосқан үлесі ерекше екендігі баса айтылды. Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оған тұшымды жауап берілді.