Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Таза Қазақстан» Экологиялық мәдениетті дамыту концепциясына арналған «Жер ортақ үйіміз» атты экологиялық сағат өткізді. Іс-шараға «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында оқушыларға экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Оқушылар экологиялық мәселелерді талқылап, табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы пікір алмасты.