Амантай Сатаев

«Ұлт тарихын түгендеген» атты ақпараттық сағат
Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК Ақпараттық-библиографиялық бөлім қызметкерлері Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейінің 6 «Ә» сынып оқушыларына жазушы, драматург, тарихшы, мұрағатшысы және сценарист Амантай Сатаевқа арналған «Ұлт тарихын түгендеген» атты іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты: Оқырмандарды жазушысы А.Сатаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру.
Амантай Рақымжанұлы Сатаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы толық мәлімет айтылды. Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби мұрағаттанушы Амантай Рақымжанұлы ұлт тарихын зерделей жүріп, бабалар ізін, халқының қасиет-қалыбын әдеби мұраларына да арқау етті. Бір басына сан түрлі санаткерлік тоғысқан тағылымды тұлға көзі тірі болса, тоқсан бір жасқа толар еді. Бірнеше пьесасы сахналанып, республикалық конкурстардың бәйгесіне ие болған. «Бір шаңырақ» атты пьесаса орыс және грузин тіліне аударылып, сахналанған. Ол кісінің қаламынан шыққан бірнеше повестер мен әңгімелері бар. Сатаев Аматай Рақымжанұлының кітаптарын Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК қорынан алып оқи алатындығы айтылды. Шара соңында Амантай Рақымжанұлына арналған сөзжұмбақ берілді. Оқырмандар осы ақпараттық сағатта өткен тұлға жайлы білгендерін барлығын осы сөзжұмбаққа толтырып, сауалдарға толық жауап берді. Іс-шара өте тартымды және әсерлі өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *