Ақмола облысының кітапханашылары «Рухани қазына – 2025» республикалық фестивалінде

2025 жылғы 19 мамырда Астана қаласында мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2025» республикалық фестивалі салтанатты түрде басталды. Фестиваль – еліміздің мәдени саласының үздік тәжірибелерін насихаттап, шығармашыл мамандардың еңбегін тануға бағытталған маңызды оқиға.
Аталған ауқымды шараға Ақмола облысының кітапхана саласы атынан делегация қатысуда. Делегация құрамында:
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры – Қуаныш Ерғалиұлы Оспанов;
Директордың орынбасары – Әсел Маратқызы Смағұлова;
Кітапхана қорларын цифрландыру секторының жетекшісі – Салтанат Сағындыққызы Жүнүсова;
Облыстық кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері – Дана Хайруллақызы Хамзина, сондай-ақ аудандық және қалалық кітапханалардың директорлары мен шығармашылық қызметкерлері бар.
Ақмола облысы келесі номинациялар бойынша қатысуда:
• «Аудандық (қалалық) маңызы бар үздік кітапхана» – Қосшы ОКЖ;
• «Аудандық (қалалық) маңызы бар үздік кітапхана» – Есіл ОКЖ;
• «Ауылдық маңызы бар үздік кітапхана» – Степногорск ОКЖ Қарабұлақ ауылдық модельді кітапханасы.
Жеке номинациялар бойынша:
• «Облыстық маңызы бар үздік кітапхана қызметкері» – Жадыра Мынжасарқызы Аубакирова (М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК);
• «Қалалық маңызы бар үздік кітапхана қызметкері» – Нұрлан Олжабайұлы Қыстаубаев (Көкшетау ҚАКЖ);
• «Аудандық маңызы бар үздік кітапхана қызметкері» – Жұмагүл Саметқызы Досымова (Жақсы ОКЖ);
• «Ауылдық маңызы бар үздік кітапхана қызметкері» – Махаббат Жамбурбайқызы Есенбаева, Атбасар ОКЖ Бастау ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы.
Барша әріптестерімізге сәттілік пен шабыт тілейміз! Ақмола облысы кітапханашыларының біліктілігі мен еңбегі лайықты бағасын алсын!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *