Ақын, әнші, композитор Иманжүсіп Құтпанұылының туғанына 162 жыл толуына орай

Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  «Елім деп өткен есіл ер» — атты Иманжүсіп Құтпанұлына арналған әдеби кеш өткізді. Шараның мақсаты ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген батыр, ақын, композитор Иманжүсіп Құтпанұлының ерлік рухын, отансүйгіштік қасиетін жас ұрпаққа таныту, мұрасын дәріптеу.

Кеш барысында Иманжүсіп Құтпанұлының өмір жолы, күрескерлік қызметі, әншілік өнері туралы деректер қамтылды. Шараға  студент жастар қатысты. 

Студенттер ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Иманжүсіп» әнін домбырамен орындады. Көрмеге батыр туралы сирек кітаптар мен архивтік құжаттар қойылды. Шараның мазмұнын арттыру үшін слайд-презентация мен деректі видео көрсетілді.

Кеш рухани тәрбие беретін, тарихи сананы жаңғыртатын тағылымды іс-шара болды. Қатысушылар Иманжүсіп Құтпанұлы туралы мол мағлұмат алып, оның отаншыл рухына тәнті болды.