Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы Әнұраны авторларының бірі — Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналған «Жұмекен Нәжімеденов — поэзияның алтын қазығы» атты әдеби BIBLIO performance өткізді.
Іс-шараның мақсаты – ақынның әдеби мұрасын насихаттау, ұлттық рухты дәріптеу болды.
Шара барысында кітапхана қызметкері ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат берді.
Іс-шараға №2 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушылары қатысты.






