Құрметті оқырмандар, біз Жалайыр Өмірәлінің «Елбасы біреу ел оған тіреу» кітабының негізіндегі кейсбук ұсынамыз. Кітапта автордың тәуелсіз мемлекет құру туралы зерттеу еңбектері берілген, сонымен қатар мемлекеттің негізгі заңы мемлекеттік аппараттың ұйымдастырылуы мен қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ететіні айтылған.
Кітапта Платон мен Аристотельдің еңбектеріне жүгінген. Автор талдай келе, министрліктің қызметші емес, монархтың немесе парламенттің органы емес, халықтың қызметшісі деген тұжырым жасайды. Сонымен: биліктің бөліну теориясына сәйкес: заң шығарушы, атқарушы және сот билігі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қамтамасыз етілген – барлық билік заң алдында және өз алдына тең және Президент – халық бірлігінің және мемлекеттік биліктің символы және кепілі болып табылады. Кітапта «Қазақстан Республикасындағы Президенттік институт» тақырыбына көп көңіл бөлінген.