Кадыр Ғинаятұлы Мырзалиев

15 сәуір күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 23-сәуір Ұлттық кітап күніне арналған «Кітап – ұлттың рухани тірегі» «Kitap аvenue» фестивалі ашылуының екінші күні аясында «Қара өлеңнің — Қадыры» атты әдеби кеш өткізді.
Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. Ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған. 1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол Қазақстанның халық жазушысы. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.
Қара өлеңнің қадари-хәлін қашырмай, орамды ойымен әдебиет әлеміне еркін енген Қадыр жайлы айтылар сәруар сөз көп. Қадырдың руханиятқа сіңірген еңбегі оразан зор. Қадыр — ұлттың ақыны. Қадыр — ұлттық әдебиеттің күре тамыры.
Осы орайда, қауымдастырылған профессор, ф.ғ.к. Жәмбек Сәбит Нұрмұхамбетұлын арнайы шақырып студент жастармен әдеби-танымдық кеш өткізді. Сәбит Нұрмұхамбетұлы Қадырдың мол мұрасын, әдебиетке қосқан үлесін жастардың санасына сіріп, кең ауқымды әңгіме өрбітті. Сәбит ағай тіпті, Қадыр ақынның өлеңдерін жатқа оқып, студенттерді таң қалдырды.
Шара барсында «Темірқазық» шығармашыл жастар бірлестігінен келген Тәжі Ақниет, Сламхан Гүлнұр, Шекербай Асылжан ақын өлеңдерін оқыса, жас ақын қыз Балташ Мерей Қадырге арнау арнап жырдан шашу шашты.
«Қара өлеңнің — Қадыры» атты әдеби кешке «Арна» колледж студенттері қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *