«Кітапханалардың есеп беру қызметі» облыстық семинар-практикум

М. Жұмабаева атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Кітапханалардың есеп беру қызметі» атты облыстық семинар-практикум өтіп жатыр.
Семинар Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы А.Сәбитованың және М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК директоры Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қ.Оспановтың құттықтау сөзімен ашылды.
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай облыстық мемлекеттік кітапханалар жүйесінің 40 кітапханашысы Ақмола облысының мәдениет басқармасының басшысы А.Сабитованың және М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК директоры Қ.Оспановтың атынан алғыс хаттармен марапатталды.
2024 жылдың қорытындысы бойынша аудандық кітапханалар жүйесі бойынша үздік деп танылған Атбасар ОКЖ, қалалық кітапханалар жүйесі бойынша Көкшетау ҚАКЖ сертификатпен марапатталып, демеушілер атынан сыйлыққа ие болды.
«Рухани қазына-2025» облыстық Фестиваль жеңімпаздары алғыс хаттармен марапатталды.
• «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша- Қосшы ОКЖ;
• «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша- Есіл ОКЖ;
• «Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша- Степногорск ОКЖ Қарабұлақ ауылдық модельді кітапхана.
• Облыстық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы бойынша- Аубакирова Жадыра Мынжасарқызы;
• «Қалалық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы бойынша- Көкшетау ҚАКЖ Қыстаубаев Нұрлан Олжабайұлы;
• «Аудандық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы бойынша- Жақсы ОКЖ Досымова Жұмагүл Саметқызы;
• «Ауылдық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы бойынша- Атбасар ОКЖ Бастау ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы Есенбаева Махаббат Жамбурбайқызы.