Мен халқымның ұлымын

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жазушысы, академик, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің 109 жылдығына орай. «Мен халқымның ұлымын!» атты тақырыптық кеш өткізді.
Іс-шараға Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары қатысты. Аталмыш іс-шара.Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен ерлігі, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесін еске алу және батырдың ерлік жолын үлгі ету мақсатында өтті.

Кітапхана қызметкері Мәлік Ғабдуллиннің өмірбаяны, әдеби және әскери жетістіктері туралы мәлімет берді.Шара соңында академия кітапханашысы Тналина Карлыгаш Амировна Мәлік Ғабдуллиннің кітаптарымен және ол туралы естеліктермен таныстырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *