М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 1 наурыз – алғыс айту күніне арналған «Мың алғыс саған, Туған жер» атты ақпараттық сағат өткізді. Іс-шараға №12 орта мектебінің 7 сынып оқушылары қатысты.
Мерекелік іс-шарада алғыс айту күнінің шығу тарихы баяндалды. Ең басты мақсат жасөспірімдерге мерекенің мәні мен маңызын жеткізу. Бұл күн еліміздегі тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен ынтымақтастықтың жарқын көрінісі.
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген мерекеде барлық оқушылар ата-аналарына, ата-апаларына, ұстаздарына өз тілектерін айтып, алғыстарын білдірді.
Алғыс айту күні баршаңызға құтты болсын! Мереке күні алғыс сөздерімен бірге сіздерге амандық, бейбітшілік, денсаулық және өмірлеріңізге үлкен бақыт тілегіміз келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!