14 наурыз Көрісу күніне орай М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК Ақпараттық библиографиялық бөлімнің библиостудиясының қадірлі қонағы, тіл және мәдениет жанашыры Төлекеев Қаратай Бәйкенұлы болды.
Қаратай Бәйкенұлы 1959 жылы 24 қарашада бұрынғы Көкшетау облысы Рузаевка ауданы Шұқыркөл ауылында дүниеге келген. Абай атындағы педагогикалық институттың қазақ тілі және әдебиет факультеті тәмәмдаған. Еңбек жолын туған ауылында мәдениет үйінің директоры, мектепте оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры жұмысын 1996 жылға дейін атқарып, осы жылдан бастап Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-кешенінде 2006 жылға дейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 2006 жылдан бастап алғашында Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының кейін Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымында қызмет етті.
Қаратай Байкенұлының бойындағы көп қасиеттің бірі домбырамен ән айту. Аудан, облыстағы талай өнер додаларында лауреат атанған. Ұстаздыққа ауысуымен ән айтуды екінші жолға қойған. Қазіргі таңда жастар тәрбиесіне арнап жазған әңгімелерін бастырып, жаңа шығармаларын жинақтауда. Қолы бос кезін аңшылық пен балық аулауға ең бастысы немерелерін тәрбиелеуге жұмсайды.
Осындай жан-жақты, білімді, ұлағатты, қадірлі ағамыз Қаратай Бәйкенұлы Наурыз мейрамы, Көрісу күніне анралған сұхбат беріп, қалың оқырманға өз тілегін білдірді.