2025 жылы 9 сәуір күні М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімінің ұйымдастыруымен «Оқытушыларға көмек. В помощь преподавателю. To help the teacher» Шет тілі апталығының кезекті отырысы өтті.
Бүгінгі кездесудің қонағы ретінде №2 ОМ оқушылары қатысты.
Іс-шара бөлім туралы қысқаша ақпарат беруден басталды. Балалар бөлім ішіндегі сұраныстағы және өзекті әдебиетпен танысты. Қатысушылармен бірге атақты шығармаларды талқылап, әңгімелестік, сондай-ақ қазіргі заманда кітап оқу туралы пікір алмастық. Оқушылар «What? Where? When?» атты интеллектуалды ойынына белсінді қатысты.
Шет тілі апталығы барлық балаларға олардың меңгеру деңгейіне қарамастан өз білімін іс жүзінде көрсетуге және шет тілін үйренуге қызығушылықты арттырудың басқа әдістерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Кездесу ортақ фотосессиямен аяқталды.
_________________________________________