Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі қазақ баспасөзі мен әдебиетіне бар ғұмырын арнаған, қара сөздің саңлағы, дара да дана тұлға – Жанайдар Баймырзаұлы Мусиннің шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттауға арналған тағылымды шара өткізді. Баспасөз саласының білгірі, көрнекті ұйымдастырушы Жанайдар Баймырзаұлы Мусиннің туғанына 90 жыл толуына орай «Қаламгер мұрасы – халық игілігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, мазмұнды шолу жасалды. Бұл көрме қаламгердің бай мұрасын көпшілікке таныстырып, рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.



