Қалихан Ысқақұлы

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері көрнекті жазушы, ұлт мақтанышы Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына орай «Қара сөздің — Қалиханы» атты әдеби-тарихи кеш өткізді.
Қалихан Ысқақұлы проза жанрында тынбай еңбек етіп, көптеген әңгімелері, повестері, романдары жарық көрді. «Қоңыр күз еді» атты алғашқы повесі жазылса, кейін «Дос хикаясы», «Менің ағаларым» шығармалары, «Тұйық», «Қара орман», «Ақсу – жер жаннаты» романдары әдебиет әлеміне сүбелі үлес қосты.
Қалихан — қаламына кие қонған жазушы. Сарыны да, дарына да бөлек құбылыс. Әдебиет жасаған майдангер — тұлға. Ойы орамды, қаламы қарымды — жазушы. Әдебиет алыптарының бірі және бірегейі. Осы тұрғыда шығармашылығын дәріптеу бәріне ләзім.
«Қара сөздің — Қалиханы» атты әдеби- тарихи кешті өткізіп отырған себеп те сол. Қалихан мұрасын насихаттау, кеңінен дәріптеу мақсатында ақын, журналист Майра Қуанышқызы мен ақын Рамазан Бауыржанұлы жазушының шығармаларына тоқталып, өзіндік пікірлерімен бөлісті.
Өскелең ұрпақтың Қалихан шығармашылығына терең бойлауы үшін өткен мәнді де мағыналы кездесу болды. Іс-шараға келген қонақтар Қалиханның мол мұрасы жайлы тағылымды дүниелер айтып, студент жастармен емін-еркін сұхбат құрды.
Шараға Бурабай атындағы колледж студентері қатысты. Алдағы уақыта да осындай иігі шаралар жүзеге асатын болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *