Биыл қаламгер, аудармашы, ақын, журналист Тортай Садуақасов 70 жасқа толды. Баспасөз саласы ардагерінің мерейтойын атап өту мақсатында, 18 желтоқсанда М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы «Қолымда балғын қауырсын» тақырыбына әдеби кеш өткізді.
Іс-шараға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері қатысты. Кеш барысында Т.Садуақасовтың шығармашылығы мен еңбек жолы жайлы мазмұнды әңгіме өрбіді. Тортай Қазиұлы шығармаларындағы көркемдік, тарихи деректер, тіл байлығы сұхбаттың негізгі өзегі болды.
Сондай-ақ, кітапхана қызметкерлері баспасөздің, журналистиканың бүгіні мен ертеңі жайлы ой қозғап, жастарды кітап оқуға, кітапханаға шақырды.