Күй- қазақтың ұрпақ сүйген ұраны

5 шілде күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімі домбыра аспабы және күйшілердің мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Күй- қазақтың ұрпақ сүйген ұраны» ақпараттық көрме ұйымдастырды. Көрмеде орын алған домбыра өнері, тарихы, қазақ күйшілері туралы әдебиеттер, домбыраға арналған күйлердің ноталары, домбыра үйрету сабақтары, хрестоматиялар оқырмандар қызығушылығын тудырды.

Leave a Reply