Сыйға келген кітап

14 сәуірде Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынаҚазақстан халық партиясынанбиылғымерейтойлы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығында жарық көрген «Бақыт энергиясы туралы Күлназияныңсабақтары» атты 5 кітабы келіп түсті.
Кітапты ұзақ уақыт бойы республикалық қоғамдық-саяси газеттердің редакторы болып жұмыс істеген белгілі журналист – Ольга Карташоваментең авторлықтаҚазақстан халық партиясының көрнекті өкілі, физика-математика және тарих және саясаттану факультеттерінің үздік дипломдарының иегері,белсенді өмірлік ұстанымы бар,біздің өңірімізде танымал азаматФеликс Дайырұлы бірігіпжазды.
Бұл кітап әсіресе жазушы Феликс Дайырұлының өзі үшін қымбат, өйткені кітап – оның анасы туралы. Сюжеттің негізі қарапайым әйелдің тағдыры туралы, қиын сәттерде қаймықпай төтеп беруге күш берген оның өмірлік сабақтары, шығарманың лейтмотиві– кейіпкердің балаларына дұрыс тәрбие берумен бірге,адам оқып білім алғанда, сүйікті жұмысыменайналысқанда, адал өмір сүргенде және мұқтаж кісіге жақсылық жасағанда нағыз бақыттың сол екеніне сенетіндігі.
Өмір жолындағы жасалған игі істері Апайдың басқаларды қолдайтын және қуаттайтын ерекше энергияға айналады. Кітап бір деммен жеңіл оқылады және адамның ұнжырғасын түсірмей, өз өмірін құрайтын ұсақ-түйектерден де бақыт табуға болатындығына жол сілтейтіндігімен дебіздің оқырмандарымызға пайдалы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *