Сүйікті қаламыздың ескерткіштерін сақтайық

18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен ерекше орындар күні. Ескерткіштер салынған аумақтың тарихына жатады. Бұл күн 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен орындарды қорғау жөніндегі кеңестің Ассамблеясында әлемдік мәдени мұраны қорғау мен сақтауға қоғам назарын аудару мақсатында ресми түрде белгіленді. Бұл күн алғаш рет 1984 жылы 18 сәуірде аталып өтті.
Осы дәстүрді жалғастыра отырып, 2021 жылы 15 сәуірде Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК-ның қызметкерлері қаламыздағы 10-шы мектептің жанындағы «Братская магила» және де оның жақын маңдарын экологиялық тазартуға қатысты. Ескерткіштер ашық аспан астында болғандықтан тез кірленеді, ескерткіштер біздің тарихымыз болғандықтан біз оларды білуіміз және есте сақтауымыз керек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *