Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК-ның «Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімі» сіздерді 8 наурыз Халықаралық әйдер-қыздар күнімен құттықтайды.
Мереке қарсаңында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты ақпараттық сағат ұсынады.
«Қыз өссе елдің көркі» деген дана халқымыз қыз баланы ерекше құрметтеп, әрқашан төрден орын берген. Қазақ қызы қашан да сұлулығымен, даналығымен ғана емес, ерлігі және қайсарлығымен дараланған. Қазір де еліміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген арулар баршылық. Біздің қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттік қызмет пен қоғамдық істе де, кәсіпкерлік пен тәлімгерлікте де тамаша табыстарға қол жеткізе отырып, саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша мән беріледі.
Қымбатты әріптестер, аналар, қыздар!
Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасылық бақыт пен қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!
Жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден қуаныш кетпесін!