2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы

Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі “2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы” деп жариялады. Осыған орай бүгін, 3 наурыз сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың еліміздің мәдениет және спорт саласындағы белсенді балалар мен жасөспірімдерімен кездесуі болып өтті. Бүкілреспубликалық салтанатты шарада Ақмола облысының Мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысы А.Б. Сәбитова, М. Жұмабаев атындағы облыстық кітапхананың директоры Т.Қ. Ибраев және өңіріміздің Красный Яр ауылының №1 мектебінің оқушылары: Козлова Карина, Гизеева Карина, Лазутина Александра, Лукьянова Мария мұғалімдері Гүлмира Талғатқызымен және ата-анасымен қатысты. Бұл оқушылар біздің кітапхананың тұрақты оқырмандары.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *