2025 жылдың 28 ақпанында Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі Қазақстан Республикасында жыл сайын 1 наурызда атап өтілетін Алғыс айту күніне арналған «Алғысым шексіз…» ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шараға мемлекеттік тілде оқитын 8 сынып оқушылары, сондай-ақ орыс тілінде оқитын оқушылар қатысты. Іс-шараның ақпараттық фонында оқушылардың назарларына депортацияның сонау ауыр жылдарындағы оқиғалардың суретін, сондай-ақ кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған бейнеролик пен бейнефильмдер көрсетілді.Бейнероликте ұлттық корей орталығының төрағасы Лян Ольга Мироновнаның ақпараты ұсынылды. Автор өскелең ұрпақты тәрбиелеудің рөлі және біз өскен жерге деген құрмет туралы айтып, жас ұрпақты Көкшетау Достық үйінде оқытылатын корей тілін үйренуге шақырды. Ольга Мироновна өзінің ризашылығын білдіріп, Қазақстан халқын мерекемен құттықтады.