18 сәуірде Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне арналған «Кітап – ұлттың рухани тірегі» фестивалінің «Kitap Avenue» бесінші күні аясында «Кітапхана түні – Ночь в библиотеке» акциясы өтті.
Оқырмандар залында студенттерге арналған қызықты квест-ойыны ұйымдастырылды, мұнда әркім әдебиеттегі өз білімін көрсете алды және тез қажетті ақпаратты ала алды.