8 сәуірде Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне арналған «Кітап – ұлттың рухани тірегі» фестивалінің «Kitap Avenue» бесінші күні аясында «Кітапхана түні – Ночь в библиотеке» акциясы өтті. Тек осы кеште кітапхананың барлық залдары шығармашылық алаңға айналды, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі болады.
Бірінші қабатта бірнеше көрмелер ресімделген: мәдениет және өнер қайраткерлерінің мерейтойларына, жергілікті жазушылардың шығармашылығы мен сирек және құнды кітаптарға арналған.
Шетел әдебиеттері бөлімінде «Қытайдың шай рәсімі.Chinese Tea Ceremony» қытай стиліндегі шай рәсімі өтті. Қытайлық шай рәсімі-бұл шай жасау процесі ғана емес, терең философиялық мағынаға толы өнер. Мың жылдан астам уақытқа созылған бұл дәстүр қытай мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Ол үйлесімділікті, құрмет пен тыныштықты бейнелейді және даосизм мен буддизм идеяларымен тығыз байланысты. Іс-шара қонақтары дәмді шай мен ұлттық тағамдардан дәм татуға, сондай-ақ қытай халқының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері туралы көп білуге мүмкіндік алды.
Сәкен сері Жүнісов атындағы конференц залда өнер әдебиеттері бөлімі «Жастар және сән» жобасы аясында «Ұлттық киім ұлағаттары» атты әдеби дефиле өткізді. Іс-шараға Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері және оқытушы Гүлжазира Хавдыразақ және кітапхана оқырмандары қатысты. Гүлжазира Хавдыразақ өзінің шығармашылық жолы және ары қарайғы жоспарлары туралы айтты. Жас дизайнерлер подиумда ұлттық нақышта жасалған ұлттық киімдердің қызықты интерпретацияларын көрсетті.
Оқырмандар залында студенттерге арналған қызықты квест-ойыны ұйымдастырылды, мұнда әркім әдебиеттегі өз білімін көрсете алды және тез қажетті ақпаратты ала алды.
Балалар әдебиеті залында жас ақындарға арнап поэтикалық алаң ұйымдастырылды.
Іс-шараның барлық қонақтарына кітапхана қызметтері бойынша ақпараттық баспа материалдары таратылды.