Менің туған өлкем циклі 40 сериясы. “Толағай тұлға” электронды басылымының тұсаукесері жоғары санатты дәрігер, анестезиолог Болат Сүлейменұлы Жанәділовке арналады

2020 жылдың 22 қазанында М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық Әмбебап Ғылыми Кітапханасының Ақпараттық-библиографиялық бөлімі жанынан құрылған «Алтын Арқа» ақпараттық – ағартушылық орталығының 23 отырысы өтті. Кезекті отырыс Көкшетау қаласының құрметті азаматы,  жоғары санатты дәрігер анестезиолог, Денсаулық сақтау саласының еңбек сіңірген қызметкері, Тарихи-мәдени мұрасы аймақтық қорының төрағасы Болат Сүлейменұлы Жанәділовке арналды. Іс-шара барысында Өлкетану секторының меңгерушісі Амангелдинова Аида Таңатқызы оқырман қауымына  ұсынған  «Толағай тұлға» электронды басылымының тұсауы кесілді. Іс-шараның мақсаты: Өз ісінің хас шебері, маман, қоғам қайраткері, талантты дәрігер, бар ғұмырын қоғамға арнаған, жанашыр Жанәділов Болат Сүлейменұлының еңбек жолымен,  таныстыру. Кеш модераторы: журналист, жазушы, ақын, «Көкшетау» газетінің бас редакторы, Серік Сапарұлы Жетпісқалиев тыңдаушыларға Ақмола өңірінің дамуына зор үлес қосқан дәрігердің өмірі мен қызметі туралы айтып берді. Өз кезеңінде Облыс әкімінің орынбсары болып қызмет атқарған Болат Сүлейменұлы халықты әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін бірнеше рет көтерген кезде, ол өз халқының проблемаларына үнемі үн қатады және Президенттің әр түрлі хабарларына өз пікірін білдіреді.

Оқырман назарына  «Ердің сәні – еңбек» атты кітап көрмесі қойылып, көрмемен  көпшілік іс шаралар және қоғаммен байланыс бөлімінің кітапханашысы Марал Нұржанқызы Альжанова таныстырып өтті.  Болат Сүлейменұлының серіктестері дәрігерге өте жақсы тілектерін білдіріп, бірлескен жұмысының естеліктерімен бөлісті. Болат Сүлейменұлы үнемі қазақ тілі мәселелерін көтеріп, ауыл тұрғындарына көп көңіл бөлді, сондай-ақ елдегі қазіргі жағдайға үлкен назар аударды.  Өз ойын ортаға сала отырып: “Әділ жұмыс істеу керек, бізге пара қажет емес. Адам кейпін сақтап қалу үшін тіл, мәдениет,тарихты білу керек”. деген тілегін білдірді.

Кеш соңында дәрігермен  «Еркін микрофон» форматында пікір алмасу   өтті.

Қатысушылар: Шақырылған қонақтар, жазушылар, ақындар, БАҚ өкілдері, кітапханашылар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *