Халықаралық кітап сыйлау күні

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні, бұл мереке 2012 жылдан бері аталып келеді. Халықаралық кітап сыйлау күнінің басты мақсаты – кітаптың қай уақытта болса да өзекті сыйлық болып қала беретінін, заманауи технология ғасырында да құндылығын жоғалтпайтынын дәріптеу.
Осы орайда Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына Ақмола облысының мәдениет басқармасы КММ «Мәлік Ғабдуллин мұражайы» сыйға кітаптар тарту етті. Осындай бағалы сыйлық үшін әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *