25 наурыз күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткер, Ұлы отан соғысына қатысушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың мерейтойына орай «Адамзат тағдырының жыршысы» «Живёт легендой в памяти народной» атты екі тілде мазмұнды кітап-мақала көрмесі ұйымдастырылды, онда жазушының кітапханада бар барлық шығармалары, сонымен қатар оның шығармалары бойынша әдебиет сыншыларының мақалалары ұсынылды. Ол қазіргі заманның көрнекі жазушыларының бірі. Оның «Қан мен тер» романы оқырмандардың да, әдебиет сыншыларының да құрметіне ие болды. Нұрпейісов барлық дерлік әдеби жанрларда сәтті жұмыс істейді. А. Чеховтың М. Горькийдің әңгімелерін, Н. Хикметтің пьессаларын қазақшаға аударған және т.б.
Белгілі әдебиет сыншысы Гарольд Бельгер Әбдіжаміл Нұрпейісовті ХХ ғасырдың ғана емес, ХХІ ғасырдың лайықты жазушысы деп атады. Туған жердің тарихы мен табиғаты – жазушының шығармашылығын нәрлендіретін жаһандық тақырыптар және ол туған жер мен халық алдындағы азаматтық және жазушылық борышын абыроймен орындайды.