Каныш Сатпаев

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы оқырмандар назарына ғалым, Қазақ академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың «Алгебра» оқулығы негізінде дайындалған кейсбукты ұсынады. Бұл кітапты араб қарпімен ана тілімізде 1924 жылы 25 жасында жазған. Енді міне, тура 85 жылдан кейін кириллицамен қайта жазылып, басылып шыққан оқулық көзімізге отпен жанады. Кітап ғалымның туғанына 110 жыл толуына орай шығарылды. Қаныш Имантайұлы күрделі математика пәні «Алгебраны» қолға алып, оны әуелі 1924 жылы араб графикасымен (592 бет қолжазба), кейін 1929 жылы (1400 бет) латын графикасымен қайта жаздырды. Белгілі ақын Кәкімбек Салықов «Қаныш Сәтбаев атындағы халықаралық қорды» басқарып, кириллицада оқулық шығаруға бастамашы болды. Кітаптың ерекшелігі – оның сапасы. Ана тілімізде алғаш рет өткен ғасырда жазылған бұл математика оқулығы 40 мақаланы қосқанда 11 бөлімнен тұрады, көлемі 442 бет. Бұл кітап өз құнын жойған жоқ, қазіргі сапалы оқулықтар заманында оқушылар үшін де, ұстаздар үшін де баға жетпес қазына. Оны қосымша анықтама ретінде пайдалануға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *