Жұмабай Есекеев

Жұмабай Қабділмәжитұлы Есекеев 1939 жылы сал-серілер мекені Көкшетау аймағындағы Айыртау ауданының Егіндіағаш ауылында туған. 1963 жылы Қазақтың Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Қазақ баспасөзінде шығармашылық еңбек етті.  Ол Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан», бұрынғы Көкшетау облыстық «Көкшетау правдасы»,  кейін «Көкшетау» газеттерінде жауапты қызметтер атқарды. Зейнеткер бола тұра ол өзінің сүйген журналистік мамандығынан қол үзбей, Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінде тілші болып істеді.

        Журналистік қызметімен қатар ұстаған өнерін ұштай жүріп, ол жетпісінші-сексенінші жылдарда айтыскерлік қырынан да таныла бастады. Облыстық, республикалық, республикааралық ақындар айтыстарына қатысқан.

        Жұмабай Есекеевтің өнерінің екінші бір қыры-жыршылық. Бұл өнермен де ол бала жасынан айналысып келді. Ақмола облысының және Көкшетау қаласының әдеби-мәдени, рухани өміріне де белсене араласты.

       Жұмабай Есекеев Көкшетау өңірінің ақын-жазушылары, айтыскерлері, сазгерлері және белгілі тарихи тұлғалары туралы танымдық деректі әңгімелер мен очерктер, повестер, эсселер жазып, «Айыртау арыстары» кітабын және «Кеудемнің көгала үйрегі» атты поэзиялық жыр жинағын шығарды. Одан кейін Жұмабай Есекеевтің «Ғибрат» және «Жыр – домбыра» кітаптары жарық көрді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *