Бағдарлама аясында:
- Қалалық мектептердің мұғалімдері кітапхана ұйымдастырған іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқаны үшін кітапхана директоры Қуаныш Ерғалиұлының алғыс хатымен марапатталды.
- «Қызықты жазғы демалыс. Интересные летние приключения-каникулы. Summer English Time» – жазғы «Тілдік тоқсанның» ашылуына арналған креатив-зертхана мен ойын бағдарламасы өткізілді.
- Көңілді «Аю шоу» атты ойын-сауық бағдарламасы.
- «Ертегілер әлемі» атты квест ойыны – бұл жолы оқушылардың өздері жүргізуші болды.
Іс-шара барысында:
- Буккроссинг – әр бала өзіне ұнаған кітапты таңдап, үйіне алып кете алды;
- Балалар шығармашылығына арналған бояулар, фотозоналар, музыкалық және танымдық ойындар мен викториналар;
- Аквогрим, фото-сәт, шарлармен шеберлік сабағы ашық аспан астында ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, балаларға көптеген сыйлықтар мен тәттілер таратылды.