Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапаханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залы және оқырмандарды тіркеу және статистика секторы №17 ОМ-гимназияға барды. 8 сынып оқушыларыңа Кеңес Одағының батыры, қазақтың жазушысы Бауыржан Момышұлы туралы ақпараттық сағат өткізді. Оқушыларға батырдың өмірі туралы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар 28 батыр панфиловшылардың ерлігі туралы деректі фильмді тамашалады және балаларға блиц-опрос пен викторина жүргізілді.