Баянгали Тоқанұлы Әлімжанов

20 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы, драматург, айтыскер, жыршы, сатирик, әдебиеттанушы, режиссер, сценарист, киноактер, журналист, тележүргізуші — Баянгали Тоқанұлы Әлімжанов М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қорына өзінің 12 кітабын сыйға тартты.
Баянгали Тоқанұлы – қазақ әдебиеті мен өнерінде өзіндік орны бар тұлға. Ол – Қырғыздың әйгілі батырлық жыры «Манасты» қазақ тілінде жырлаған жалғыз манасшы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1988), Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1991), халықаралық айтыскерлер және жыршы-термешілер одағының мүшесі. Ол қазақ және орыс тілдерінде қалам тербейді.
Қаламгердің прозалық, поэзиялық, драмалық, әдеби-сын еңбектері мен балаларға арналған жыр жинақтарын қосқанда қырыққа жуық кітабы жарық көрген.
Баянгали Тоқанұлы – жан дүниесі кең, ашық жүректі адам, кітапханамыздың үлкен жанашыры.
М. Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана қаламгерге осындай құнды тартуы үшін шексіз алғыс білдіреді!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *