Баянғали Тоқанұлы Әлімжанов

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері Қазақстанның белгілі ақыны, драматург, манасшы Баянғали Әлімжанов туралы телебиеннале ұсынады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қырғызстанның А. Малдыбаев атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты. Біржан сал ауданының Құрметті азаматы. Оның қырықтан астам кітабы, он алты томдық шығармалар жинағы шыққан. Көптеген өлең, поэма, жырлардың, балаларға арналған өлеңдердің, жиырмадан астам пьесаның, повесть, әңгімелердің, киноповестердің, ән мәтіндерінің авторы. Пьесалары Қазақстанның жиырмаға жуық театрында сахналанған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *