Бөкетов әлемі

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Ебіней Бөкетовтың 100 жылдығына арнап, Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында «Бөкетов әлемі» атты дөңгелек үстел өткізді.
Бөкетовтың еңбектерін насихаттау, оны жастарға түсіндіріп, таныту мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелге академия курсанттары қатысты.
Іс-шара барысында Бөкетовтың өмірі мен еңбектері жайлы деректер айтылды. Қарағанды қаласыңдағы Бөкетов университетінің тарихынан сыр шертетін слайд көрсетілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *