ЕЛДІ ҚОРҒАУ –ЕРГЕ СЕРТ

7 мамыр – Қазақстан Қарулы күштерінің құрылған күні. Осы мерекені атап өту мақсатында, М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «ЕЛДІ ҚОРҒАУ –ЕРГЕ СЕРТ»
тақырыбымен тәрбие сағаты болып өтті. Іс-шараға Көкшетау әскери-техникалық мектебінің курсанттары қатысты.
1992 жылы 7 мамырда мемлекет басшысының жарлығымен құрылған Қазақстан Қарулы күштер еліміздің шекарасын әуеде де ,құрлықта да, теңізде қорғап тұрғаны біз үшін мақтаныш. Айбынды армиямыз шетелде де бітімгерлік миссияны мінсіз орындап, халықаралық әскери сарапшылардың жоғары бағасына ие болып жүр.
Тәрбие сағатында қазақ тарихындағы батырлар мен даңқты қолбасшылар жайында кеңінен мағлұмат беріліп, аталған мерекенің мән-мазмұны толық түсіндірілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *