Ертегінің ғажайып тартымдылығы

2020 жылдың 5 қаңтарында шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімінде  – «Ертегінің ғажайып тартымдылығы. Пленительный аромат сказки.» атты «Funny English» Балалар Ағылшын Клубының отырысы өтті.

Отырыс тақырыбы бойынша «Германиялық ертегілеріне саяхат. За сказками в Германию» атты неміс жазушысы, филолог Якоб Гриммның 235 жылдығына арналған медиа-кескін кітап көрмесі ұсынылған. Ол ағылшын клубының отырысын талқылауға және өткізуге жақсы демеу болды .

Отырыс «Бремен музыканттары» мультфильмінен әнімен басталды.

Якоб Гриммның өмірі мен шығармашылығы туралы әңгіме тыңдап, балаларға ертегі туралы алдын ала дайындалған бейнероликті көру ұсынылды.

Материалды бекіту үшін «Сіз ертегілер білесіз бе?» викторинасы ұсынылды. Балалар сұрақтарға жауап беріп, иллюстрациялар бойынша, қандай ертегілер, олар қалай аталатынын тапқан және кейіпкерлердің аттарын атады. Ең белсенді қатысушыларға сыйлықтар берілді. 

Содан кейін біз «Бремен музыканттары» мультфильмін тамашаладық.

Отырыстың қорытынды аккорды – «караоке – нөмір» болды. Балаларға ән мәтіні бар дайын парақшалар таратылды, біз осы әнді үлкен ықыласпен және жігерлілікпен шырқадық.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *