Жаңартылған кітапхана — жаңа мүмкіндіктер

21 мамыр — Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің күніне орай Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Әдебиет және өнер музейінде «Жаңартылған кітапхана — жаңа мүмкіндіктер» атты конференция өтті. Конференцияға қалалық кітапханалар жүйесінің директоры Серік Сапарұлы, қалалық қазақ кітапханасының кітапханашысы — Жанар Жұқабайқызы және Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің кітапханашылары қатысты. Іс-шарада облыстық кітапхананың кітапханашылары баяндама оқып, алдағы уақытта кітапхана жүйесінің дамуына арналған жобаларымен бөлісті, тұшымды ой қорытты.
Конференция соңында баяндама оқыған спикерлерге Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының алғыс хаты табысталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *