Кітапханашы күні

Кітапханашы күні – қызметкерлердің ғана мерекесі емес, ол оқырмандардың да мерекесі. Кітапханалар – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Олар оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар. Кітапхана – білім мен ғылым ордасы. Бұл демалуға, ойлануға, әрине көп нәрсе білуге болатын жер. Кітапхана – ғылым отаны.
15 қазан күні Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК осы мереке қарсаңында, кітапхана ауласына шырша отырғызу акциясы өтті. Кітапхана ұжымы барша кітапханашы қауымын төл мерекемен құттықтайды! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ – береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *