Кітапхана онлайн–режимде

Ақмола облысының кітапханалары онлайн-режимде белсенді жұмыс жасауда, видеолекциялар, тақырыптық сағаттар мен әдеби шолулар өткізеді.

М.жұмабаев атындағы АОӘҒК «Тірі кітап» жаңа форматында оқырмандарға қызмет көрсетуді белсенді дамытуда. Бұл форматта «Абай және Мен» библиостудиясы жұмыс жасайды, бұнда кітапханашылар, студенттер, оқытушылар бейнеформатта Абайдың, Дулатидың, есенберлиннің шығармашылығы туралы айтады. «Тірі кітап»  кейіпкерлері бірнеше минутқа автордың өзіне айналады, қызықты кезеңдерден цитаталар келтіреді, шығарманың сюжеттік желісі туралы баяндайды, бас кейіпкердің даусымен және сезім ымымен жеткізеді және де негізгі шығармаға міндетті түрде сілтеме беріледі.

Облыстық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімі авторлық шарт жасалған жергілікті жазушылардың цифрланған шығармаларын әлеуметтік желілерге белсенді салып отарды. Фейсбуктағы немесе кітапхана сайтындағы  кез келген әлеуметтік желі пайдаланушылары үйінде осы шығармаларды оқи алады, осылайша біз «Жазушы-жерлестер коллекциясы» 3D кітабын цифрлаймыз және жасаймыз, сонымен қатар біздің белсенді оқырмандарымыз үшін  республикада алғашқы 60+ желісі ашылды (кітапханашылар біздің оқырмандарға кітаптарды есігіне дейін жеткізіп береді, анықтама үшін телефон 25-60-42), сондай-ақ «Үйде оқимыз» ролик дайындалуда.

М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК өзінің электронды кітапханасын құруда:  әдебиеттерді цифрландырамыз, цифрландырылған басылымдардың сапасын жақсарту үшін редактор-бағдарлама бойынша жұмыс жасаймыз, басылымдарды үш тілде жариялауға дайындық жүргізілуде: «Magjan. kz» тарихи-әдеби портал үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде. Бұқаралық жұмыс бөлімі «Jandy kitap» челленджін дайындауда, оның аясында Қазақ әдебиеті классиктерінің шығармалары оқылады. Фейсбукта және кітапхана сайтында өнер жөніндегі әдебиет бөлімі ұлы композиторлардың өмірбаяндарын қамтитын музыкалық туындылардың құрылу тарихы туралы бейне шолулар жүргізеді – «Классика жаңа форматта» атты онлайн-айдары жүргізіледі. «Полиглот» жобасы аясында біздің жас оқырмандарымыз үшін бейне түрінде жасөспірімдер сабақтары құрылады. Сайтқа сілтеме беріледі: Сайт: http://aounb.kz/ және фейсбук.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *